Лабораторлық жұмыс №2.
Тақырыбы: Corel Draw. Эффектілерді қосу.
Мақсаты: Corel Draw бағдарламасында жұмыс дағдысын қалыптастыру.
CORELDRAW – тағы өте күрделі суреттер бірнеше қарапайым объектілерден құрылады. Сондықтан келешекте суретті
редакциялай алу үшін әртүрлі векторлық объектілерді құра білу қажет.
CORELDRAW – та құрылатын қарапайым геометриялық объектілерге тік төртбұрышты және эллипсті, көпбұрышты және спиральды, түзу және қисық сызықтарды жатқызуға болады. Кейбір күрделі объектілер көптеген қарапайым объектілерден тұрады. Сондықтан оны сала білу қажет. Тәжірибемізді тік төртбұрышты салудан басталық. Бағдарлама терезесінің сол жақ бөлігінде орналасқан Toolbox (Графика) құралдар панелінен
«Rectangle Tool» құралын таңдаңыз. Бұл кезде батырманың түрі өзгеріп, батыңқы күйге ауысады, яғни тік төртбұрыш құру режимінде екеніңізді білдіреді. Сіз басқа құрал таңдағанша, ол батырма сол батыңқы күйде болады.
Жұмыс аймағының кез келген жеріне тінтуір нұсқағышын қойыңыз. Бұл кезде нұсқағыш крест түріне ауысады. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, оны
босатпай жылжытыңыз. Экранда өлшемі тінтуір қозғалысымен бірге өзгеретін тік төртбұрыш пайда болады. Қажетті өлшемді алғаннан кейін, тінтуір батырмасын босатқасын, экранда тік төртбұрыш суретін көресіз. (3.1.-сурет).

Құрылған объекті маңында қара тік төртбұрыштар мен ортасында х белгісін, ал төбелерінде контурлық тік төртбұрыштарды көреміз. Бұлардың барлығы объектіні редакциялауға арналған басқарушы элементтер. Олардың қолданылуын келесі бөлімдерде қарастырамыз. Эллипсте дәл осылай салынады.
Тапсырма:
1.1.
Toolbox (Графика) құралдар панелінен
«Ellipse Tool» құралын таңдап, эллипсті салыңыз.
1.2.
Ctrl пернесін басып тұрып, тік төртбұрыш және эллипс командаларын таңдап, шаршы мен шеңберді салыңыз.
1.3.
Центрлік нүктемен байланысқан тік төртбұрыш салыңыз. Ол үшін салынатын объектінің центріне тінтуір нұсқағышын апарыңыз. Shift батырмасын басып, оны босатпай тік төртбұрыш салыңыз. Объектінің центрі нұсқағыштың бастапқы қалпымен сәйкес келетіне көз жеткізіңіз.
Дәл осылай барлық қарапайым фигураларға Ctrl, Shift пернелерін қолданып салуға болады.
Қабырғаларының саны әр түрлі көпбұрыштарды салу үшін келесі әрекеттерді орындайық:
1.
Көпбұрыш (Polygon Tool) құралын таңдаңыздар. Нұсқағыш қасында бесбұрышы
бар крестке айналады.
2.
Бастапқы нүктені таңдап, оны оңға және төмен апарыңыздар. Үнсіз келісім
бойынша көпбұрыштың қабырғаларының саны - 5. Эллипстер мен көпбұрыштарды салуда ұқсастық байқалады. Көпбұрышты салу да бұрыштан немесе центрден
жүргізілуі мүмкін (Shift пернесін басып ұстап). Егер салу кезінде Ctrl- ды басып ұстасаңыз, онда дұрыс көпбұрыш салынады. Біз салған бесбұрыш кез келген объект
сияқты манипулятормен қоршалған және бұрыштардың әрқайсысында бірден және қабырғалардың әрқайсысының ортасында - 10
тораптары бар. Бесбұрыштың ұшы төбесі (шыңы) (тақ санды қабырғалары бар кез келген көпбұрыш сияқты), оны жоғарыдан төмен салғанда жоғары бағытталады.
3. Көпбұрыштың қабырғаларының санын өзгертуге болады. Қасиеттер панеліндегі сәйкес енгізу жолы жұлдызша кескінімен
белгіленген. Көпбұрыштың қабырғаларының санын енгізу жолына 3 санын енгізіңіздер. Объект үшбұрышқа айналады.
Көпбұрыштың қабырғаларының саны
Қабырғалардың саны 3-тен 500-ге дейін өзгере алады. Бұл сипаттаманы көпбұрыштың басқа қасиеттеріндей үнсіз келісім бойынша
барлық жаңа обьектілер үшін беруге болады.
Көпбұрыш дөңес (бұрыштары сыртқы шығыңқы) (бұрыштарының әрқайсысы 180 – тан кем) немесе жұлдыз пішінді болуы мүмкін. Жұлдыз тәрізді көпбұрыш сәулелерінің (лучей) ұзындығы қасиеттер панелінде берілмейді. Оны тек
интерактивті өзгертуге болады.
Тораптардың қайсысына болсын басыңыздар және оны жұлдыздың қажетті мөлшеріне байланысты ортаға (центрге) немесе центрден апарыңыздар. Егер көпбұрыштың торабын айналдырсаңыз, ол күрделі, сәулелері көп рет қиылысатын фигураға айналады. Мысалы үшін 12 қабырғалы көпбұрыш салыңыздар, оның қабырғасындағы торапты обьектінің ішіне, шамамен центрге дейінгі арақашықтықтың үштен біріне апарыңыздар, ал сонан кейін бұл торапты шеңбер бойы апарыңыздар. Тораптың айналу барысында жұлдыз түрін өзгертеді, оның сәулелері әсем түйіспелер құрайды.
Көпбұрыш (Многоугольник, (Polygon Tool) инструментімен тек жұлдыз тәрізді көпбұрышты ғана емес, жұлдыздың өзін де салуға болады. Оның сәулелері обьектінің ішкі аймағы арқылы өтетін кесінділермен өзара қосылған. Бесбұрышты таңдаңыздар, сонан кейін Жұлдыз (Star ) батырмасын басыңыздар (онда кішкене көк жұлдызша салынған).Обьект таңбашаға айналды. Енді батырмада көпбұрыш салынғанына назар аударыңыздар. Қайта шерту фигураны алғашқы қалпына келтіреді.
Ескерту:
Егер жұлдыздың сәулелері жетіден артық болса, онда олардың ұзындығын қасиеттер панеліндегі сырғытпамен (ползунок) өзгертуге болады (оның қасында үшбұрыш салынған). Сырғытпаның орны неғұрлым оңға қарай болса, жұлдыздың сәулелері соғұрлым үшкір болады.
Тапсырма:
1. Toolbox (Графика) панелінен
құралын таңдап, көпбұрыш салыңыз.Қасиеттер панелінде көпбұрыштың төбелерін санын белгілеңіз. Бірінші 5-ке, сосын 11-ге қойып көріңіз.
2. Екі бес бұрыш салыңыз. Ол үшін тінтуірді бастапқы нүктеден төмен, сосын жоғары қарай қозғаңыз. Салынған бес бұрыштардың пішіндерін
салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.
Delete пернесін бассаңыз, соңғы салынған фигураңыз жойылады.
3. Қасиеттер панелінен
Star пернесін басыңыз. Алдында салған объектінің өзгерісіне назар
аударыңыз.
4. Төбесінің саны 11-ге тең көпбұрыш салыңыз. Қасиеттер
панеліндегі Star пернесін басыңыз және (3.2-суретте) көрсетілгендей етіп
сырғытпаның көмегімен өрістің мәнін 4-ке өзгертіңіз.
сырғытпа

5. Ctrl пернесін басып, босатпай ұстаңыз. Жоғарыда айтылған тәсілмен көпбұрыш салып, Ctrl пернесін босатыңыз. Нәтиижесінде әрбір бесінші төбесі бір-бірімен
байланысқан, он бір бұрышты дұрыс көп бұрыш салынады. Сырғытпаның көмегімен өріске 2 мәнін орнатыңыз. Жұлдыз өз түрін өзгертеді. Енді байланысу төртеуден емес, екі төбесі бойынша болады.
6. Toolbox (Графика) панелінің
оң жақ төменгі бұрышында орналасқан кіші қара үшбұрышты біраз басып ұстаңыз. Бірнеше батырмалары бар, қосымша панель пайда болады. ![]()
Тапсырма:
-
Шеңбер салып, оны тұйық қисыққа өзгертіңіз.
-
Тұйық қисықтың төмендегідей объект алыңыз:

-
Шаршы салып, оны
тұйық қисыққа өзгертіңіз.
-
Тұйық қисықтан төмендегідей объект алыңыз:

-
Эллипс салып, оны тұйық қисыққа өзгертіңіз.
-
Тұйық қисықты қию арқылы төмендегідей
объект алыңыз:

Бақылау сұрақтары:
1.
Қарапайым фигураларды атаңыз.
2.
Объектілерді салу
барысында Ctrl, Shift пернелері не үшін қолданылады?
3.
Көпбұрыштың бастапқы параметрлері
4.
Көпбұрышты жұлдызға түрлендіру жолы